359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аягөзде сауда үйі өртенді

  • 132
Аягөзде сауда үйі өртенді

Аягөз қаласында сауда үйі өртенді. Ғимарат орталық базар аумағында орналасқан.

Нысан маңындағы ағаш жақтаулардан бастап киім-кешек және тұрмыстық тұтыну заттарының бәрі отқа оранды. Жалын ғимараттың түпкірінен шыққандықтан, құтқарушылар арнайы тыныс алу аппаратымен кіруге мәжбүр болды. Бір жарым сағат ішінде өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 900 шаршы метр аумақты алып жатқан ғимараттың 120 шаршы метр бөлігін кұлге айналдырған. Оқыс оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы