352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да суға батып кеткен балықшының денесі табылды

  • 88

Солтүстік Қазақстан облысында 64 жастағы азамат суға батып кетті.

Оқыс оқиға Жамбыл ауданына қарасты Буденое селосында 31 тамыз күні болған. Арада 9 күннен кейін төтенше жағдайлар қызметінің мамандары балықшының денесін тапты. Қазір балықшының мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Жалпы жыл басынан бері өңірде 12 адам суда қаза тапқан. Оның 3-еуі бала. Сондықтан құтқарушылар су айдындарында абай болуды ескертеді.

 

Ақтөбе облысында дәрігерлер жетіспейді

Биыл университет бітірген 107 түлек облыстағы емдеу мекемелеріне жұмысқа орналасу туралы өтініш жазған. 30 маман қызметіне кірісіп те кетті. Жалпы өңірде 80-ге жуық дәрігердің орны бос тұр. Қазіргі таңда 10 мың тұрғынға шаққанда 33 дәрігер ем-дом жүргізеді. Өңірдегі маман тапшылығын жою мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университеті арасында келісімшарт жасалған. Сонымен қатар облыс әкімдігі 3 жылдан бері қосымша оқу грантын бөліп отыр.

 

Оралда медиаторлар форумы өтті

Қазіргі таңда Қазақстанның сот жүйесінде тіркелген арыз саны 3 миллионнан асып отыр. Яғни, сотқа келген тараптарды қоса есептесек, 6 миллионнан астам адам соттасып жүр. Әсіресе, әке мен баланың, ағайынның, дос-жаранның арасындағы дау көбейіп келеді. Бұл ретте жанжалдар мен дауларды шешуде медиация институтын балама әдіс ретінде дамытудың маңызы зор болмақ. Оралда өткен «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясындағы форумда татуласу рәсімдерін дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

 

Ақтөбеде инновациялық қоқыс контейнерлері орнатылады

Оның сыйымдылығы 5 текше метр. Биіктігі 3 метрлік қондырғының үштен екі бөлігі жер астында көміледі. Контейнердің ішінде жанбайтын, жыртылмайтын материалдан тігілген қап бар. Мұндағы қоқыс қыста қатпайды, ал жазда жағымсыз иіс сыртқа шықпайды. Арнайы қапты 3 жылда бір ауыстыруға болады. Ал контейнердің өзі 15 жылға дейін сыр бермейді. Ресейден әкелінген экологиялық таза қондырғының бағасы 700 мың теңгеден басталады.

Хабар 24 телеарнасы