369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда бойжеткенді пышақтаған күдікті іздестіріліп жатыр

  • 129

Алматыдағы Думан-2 ықшамауданында қылмыстық оқиға тіркелді.

Әлеуметтік желіде «күдікті бойжеткенді аялдамадан күтіп алып, оны 12 жерінен ауясыз пышақтады» деген ақпарат лезде тарап кетті. Алайда оқиғаның расында да қалай болғанын алғашқы көмек көрсеткен дәрігерлер айтып берді. Қазір зардап шеккен қыз Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханада ем-дом алуда.

Белгісіз ер адам кешке қарай үйіне қайтып келе жатқан бойжеткенге шабуыл жасап, суық қару қолданған. Туыстары жедел жәрдем қызметін шақыртып, жарақаттанған қызды ауруханаға жеткізеді. Әлеуметтік желіде оны «12 жерден пышақтап кеткен» деп таратылған ақпарат шындыққа жанаспайтын болып шықты. Қызға медициналық көмек көрсеткен дәрігерлер жәбірленушіге жедел операция жасалып, бір жерден пышақ салынғанын айтты.

Асқар Өтетілеуов, облыстық көпсалалы клиникалық аурухананың хирургия бөлімі меңгерушісі:

- Кеуде қуысына енген пышақ жарақатымен алып келінді. Науқасқа жедел түрде операция жасалды. Қазір жағдайы жақсарды. Бүгін рентгеннен кейін өкпе қалпына келгеннен кейін дренаждық түтікті алып тастадық. Қазір енді бізде екі-үш күн бақылауда болады содан кейін жағдайы осылай жақсы болса, біз аудандық ауруханаға хирург бақылауына жібереміз.

Жәбірленуші Әйгерім Мақашеваның қазір денсаулығы жақсы, аурухана ішінде еркін қозғала алады. Бойжеткен «болған оқиғаны қазір еске түсірсем денем түршігеді» дейді.

Әйгерім  Мақашева, жәбірленуші:

Менің соңымнан бір ер адам түсіп алып,қалмады. Әлде бір нәрселерді айтып мені тоқтатпақ болды. Алайда мен аяғымды жылдам басып алға кете бердім. Соңымнан қуып жетіп, жерге құлатқаны сол еді кеудеме өткір нәрсенің кіргенін сездім. Ол бірден қаша жөнелді. Ал мен қансыраған күйде үйге жүгіріп келдім.

Қазір бұл іспен Медеу аудандық ІІбасқарамасы айналысып жатыр. Құқық қорқаушылар оқиғаның мән-жайын анықтауда. 

Авторлары:Ү Индира Оразалинова, Қанат Қаматаев

Хабар 24 телеарнасы