369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда ІІБ басшысының орынбасары ұсталды

  • 131

Атырауда қаланың ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары мен көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы ұсталды.

Олар шетел азаматтарына тіркелу мен жұмыс істеуге қажетті құжатты кедергісіз жасап беріп, пара алып отырған. Тінту барысында күдіктілерден 80-нен астам шетел азаматының паспорты және 600 мың теңге ақша табылды. Дегенмен, пара алу фактілерін толық мойындауына байланысты олар қамауға алынған жоқ. Осындай қылмысқа барды деген күдікпен тағы бір шенді Астанадағы Есіл ауданында қолға түсті. Ішкі істер басқарамасы тергеу бөлімінің басшысы тіркелген қылмыстық істі тоқтату үшін 300 мың теңге пара алды деп айытпалуда. Бұл туралы Мемлекеттік Қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ресми өкілі хабарлады. Айта кетейік, елімізде «Жемқолыққа қарсы фронт» жаңа жобасы басталған болатын. Соның шеңберінде түрлі саладағы қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен арнайы коалиция құрылды. Алдағы уақытта мұндай коалицияны халықаралық деңгейде жасақтау көзделіп отыр.

Төлеген Байғұлов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталығының төрағасы:

- Жалпы коалиция құрамына кәсіпкерлер, кәсіподақ, жастар, әйелдер ұйымдары, БАҚ-тар, этномәдени және діни ұйымдар, ғылым және педагогика қызметкерлері қосыла алады. Кеше Қырғызстандағы танымал қоғам өкілі шекаралас мемлекеттердің арасында бизнес климатты жақсарту және жемқорлықты азайту үшін арнайы алаң құруды ұсынды. Осының ұсыныстың негізінде Түркітілдес мемлеккеттері кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы хабын құрамыз деп шештік.

Хабар 24 телеарнасы