356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жекеменшік балабақшада өрт болды

  • 74
Астанада жекеменшік балабақшада өрт болды ҚР ІІМ ТЖК

Астанадағы жекеменшік балабақшаның бірінде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап, Елорда Инфо хабарлайды.

«13 қыркүйекте Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын алабындағы «Балдәурен» балабақшасында жеке тұрған асхананың төбесінің қаптамасы өртенді. Өрттің аумағы 30 шаршы метр. Өрт 07:51-де пайда болып, 08:15 кезінде сөндірілді. Төтенше жағдай кезінде 1973 жылы туған балабақша қызметкері улы газбен уланып, ауруханаға жеткізілді», - деді Руслан Иманқұлов.

Төтенше жағдайды жою үшін 12 өрт сөндіруші мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы