356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екібастұзда 15 жастағы екі қыз бесінші қабаттан құлап кетті

  • 88

Екібастұз қаласында бесінші қабаттың терезесінен 15 жастағы екі қыз құлап кетті.

Жасөспірімдер қалалық ауруханаға жедел жеткізілгенімен, біреуі жолда қайтыс болды. Құтқарушылардың хабарлауынша, зардап шеккендер түнгі уақытта үй маңынан табылған. Жергілікті білім беру бөлімінің мамандары екеуінің толық емес отбасында тәрбиеленгенін айтады. Көз жұмған қыздың кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің есебінде тұрғаны да анықталды. Дегенмен, тәртібі жақсарған соң бұл есептен шығарылған екен. Қазір ішкі істер органдарының қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

Ораз Мұқашев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Қатты жарақат салдарынан қыздардың бірі ауруханаға жетпей көз жұмды. Бесінші қабаттан құлаған екінші оқушы түрлі жарақаттар алып, аса ауыр халде. Қазіргі уақытта Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Хабар 24 телеарнасы