356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде бензин тасымалдаушы жүк көлігі жарылып, 3 адам зардап шекті

  • 124

Қазір екеуі облыстық жедел медициналық жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Оқиғаны тергеуге қатысты арнайы комиссия құрылды. Ал зардап шеккен жанармай құю станциясының жүргізушісі Болат Сәрсеновтің айтуынша, түскі үзілістен кейін көлікті жанармаймен толтырып жатқан кезде кенеттен жарылыс болған. Сол жерде тұрған 55 жастағы әйел адамның денесінің 80-85%-ын күйік шалса, 30 жастағы ер азаматтың денесінің жартысына жуығы күйіп қалған.

Болат Сәрсенов, көлік жүргізушісі:

Тұрған адамбыз осылай үшеуміз. Бірінші өтсек тиеліп болып, екінші өтсек тиеліп жатыр.  Біз тұрмыз. Содан гүрс ете қалды. Болды. Неден болғанын білмейміз. Іштегі өзіміздің машинамыз болды. Газель. Соған тиеп, тездетіп осында жеткіздік.

Хабар 24 телеарнасы