Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қорғас» кеден бекетінде 82 ішік тәркіленді

  • 117

12 қыркүйек күні Алматы қаласында Түркісіб ауданына қарасты Сауранбаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан.

Куәгерлердің айтуынша қызыл жалын шамамен түнгі сағат 22:45-те  тұтанған. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша өрт сөндірушілер оқиға орнына  шақырту түскен соң 5 минуттан кейін барғанымен тілсіз жауды ауыздықтай алмаған. Ағаштан салынған  екі қабатты 200 шаршы метрлік ескі үй әп-сәтте жанып кеткен. Аброй болғанда зардап шеккен ешкім жоқ.  Қазіргі таңда оқиға орнында  техникалық зертханалар өрттің неден шыққанын анықтау үстінде.

Қорғас бекетіндегі қылмыс 

«Қорғас»  кеден бекетінде ұялы телефон, ішік және дәрі препараттарының ірі заңсыз партиясы тәркіленді. Бұл туралы Шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының баспасөз қызметі. Кеден қызметкерлері мен шекарашылар және экономикалық тергеу қызметінің өкілдері бұл туралы ақпаратты растап отыр. Түрлі маркалы 205 ұялы телефон және 82 ішік, сондай-ақ 111 келі дәрі-дәрмекті кім, қайдан және қандай мақсатпен алып өтпек болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта  осы қылмысқа қатысы бар адамдар анықталу үстінде.  

Көкшетауда қалта ұрылары ұсталды

Көкшетауда сауда үйлерінің бірінде тұрғындардың жеке мүліктерін қолды қылған күдіктілер ұсталды. Ең сорақысы, олар 18 бен 33 жас аралығындағы жап-жас жігіттер мен қыздар. Ұрылар алдымен, алтын әшекейлер сататын дүңгіршектен 300 мың теңгенің дүниесін жымқырған. Онан соң тағы бірнеше адамның ұялы телефондары мен ақшаларын қолды қылған. Ал, күдіктілердің сауда үйіндегі күмәнді жүрісі бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер оларды ұрланған заттарды ломбардқа өткізіп жатқан жерінен ұстаған. Белгілі болғандай, күдіктілер Қарағанды облысы, Тараз және Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Олар Көкшетауға арам ойларын жүзеге асыру үшін әдейі келген. Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Атырау облысында теміржол бойында жүк көлігі пойызбен соқтығысты

Атырау облысының Исатай ауданында оқыс оқиға тіркелді. Аудан орталығы Аққыстау ауылының маңында  «Камаз» авто көлігі темір жол қиылысынан өте берісте пойызбен соқтығысқан. Нәтижесінде автокөліктің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті. Абырой болғанда, ешқандай апат болған жоқ. Шикі мұнай өнімдері тиелген 68 вагонды сүйреп келе жатқан отарбаға айтарлықтай зақым келмеген.  Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша барлық бағыттағы поездар жоспарлы кестеге сәйкес жүріп жатыр. Ал автокөлік жүргізушісі әзірге аудандық ауруханада, жағдайы қалыпты дейді мамандар. Құзырлы орган өкілдері қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.    

ШҚО-да иммунды тапшылық вирусын жұқтырған 3800-ден астам адам тіркелген

Шығыс Қазақстанда иммунды тапшылық вирусын жұқтырған 3800-ден астам адам тіркелген. Солардың екеуі  бірнеше күн бұрын ғана анықталды. Мамандар аталған дерттің алдын алу үшін түрлі  акциялар ұйымдастыруды жиілетіп отыр. Осы мақсатта олар халық арасына шығып жедел талдау жасау шараларын өткізуді қолға алған. Дәрігерлердің айтуынша, бұндай бастаманың көмегі көп. Бар болғаны 12 минутқа ғана созылатын тест талдауы кез келген адамның бойында жұқпалы аурудың бар-жоғын көрсетіп береді. Егер ауру белгісі анықталған жағдайда ол адам толыққанды тексерістен өту үшін орталыққа жіберіледі.

Наталья Селезнева, облыстық ЖИТС орталығының бөлім меңгерушісі:

- Мінеки бүгінгі акция бекер өткен жоқ,бір азаматтан және бір әйелден жұқпалы дерттің белгілері табылды. Ер адам өзінен иммунды тапшылық вирусы анықталғанына аса таң қала қойған жоқ, өйткені ол есірткі заттарын тұтынады екен. Ал аяқ астынан талдауға қатысып бойынан жұқпалы ауру табылғанын білген жас келіншек, қатты уайым кешті.

Хабар 24 телеарнасы