356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да жаз бойы 36 адам суға кеткен

  • 175
ШҚО-да жаз бойы 36 адам суға кеткен

Шығыс Қазақстан облысында биылғы шомылу мауысымында балалардың суға бату деректері өткен жылғыдан 3 жарым есе көп тіркелген.

Жалпы жаз бойы 36 адам суға кетіп мерт болыпты. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мәлімдеді. Құтқарушылардың айтуынша, суға бату оқиғалары әсіресе, шілде айында көбейген. Департамент мәліметіне сай, аймақтағы жағажайлардың жағдайы да мәз емес. Облыста жағасы шомылуға арнайы жабдықталмаған 2 мыңнан астам суға түсуге болатын су қоймалары бар. Ал заңды түрдегі 3 жағажайдың өзінде қауіпсіздік талаптары толық сақталмаған. Төтенше жағдайлар департаменті «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында 80-ге жуық акция ұйымдастырыпты. Алайда тұрғындардың бұл тұрғыдағы жауапсыздығы мен балалардың өміріне салғырт қарауы қайғылы оқиғалардың қайталануына себепші.

Анатолий Рожков, Шығыс өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы:

– Біз жүргізіп жатқан алдын алу шараларына қарамастан, жайсыз көрсеткіштер бар. Мәселен, аймағымызда судағы бала өлімінің көп тіркелуі қынжылтады. Егер өткен жылы 2 бала мерт болса, биыл 7 бала суға батып, қыршыннан қиылды.

Хабар 24 телеарнасы