356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанадағы «Шанхай» базары маңынан әйел адамның мәйіті табылды

  • 195
Астанадағы «Шанхай» базары маңынан әйел адамның мәйіті табылды

Астанада 26 жастағы әйелдің мәйіті табылды.

Оқиға Алаш тасжолында ең үлкен сауда орындарының бірі – «Шанхай» базары маңында болған. «13 қыркүйек күні шамамен 20:00-де Алаш тас жолындағы Шанхай базары маңынан белгісіз әйелдің денесі табылған болатын.

Полиция қызметкерлері қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Кейінірек әйелдің аты-жөні анықталды», – деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбек. Баспасөз хатшысының хабарлауынша, сот-медициналық сараптама нәтижесінде зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы