Павлодарда екі адам үсіп қала жаздады

Павлодарда екі адам үсіп қала жаздады
фото: koleso-oz.ru

Павлодардың екі тұрғыны қатты аяздан зардап шекті.

Ер адамдар ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

«1973 жылы туылған ер адам терапевтік бөлімге орташа деңгейде тоңып қалу және орташа деңгейде алкогольдік мас болу диагнозымен жатқызылды», - деді басқармада.

1960 жылы туылған екінші науқас күйік бөліміне қол білегін үшінші дәрежеде үсік шалу бойынша түскен.