Елордада жыл басынан бері сегіз көлік өртенді

Елордада жыл басынан бері сегіз көлік өртенді
фото: bbc.com

Соңғы төрт тәулік ішінде елордада 20 өрт дерегі тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жетеуі жеке тұрғын үйде болған. Сондай-ақ 8 көліктен от шыққан. Айта кетерлігі, олардың барлығы тиісті техникалық тексерістен уақытылы өтпеу салдарынан өртенген. Осы ретте төтенше жағдайлар басқармасы көлікті жылытқан кезде сақ болуды ескертеді. Мәселен, электр қондырғыларды, әсіресе қолдан жасалған электр бұйымдарын қолданбау қажет. Сондай-ақ қозғалтқышты жанғыш матамен тыстау қауіпті. Ең бастысы, көлікті уақытылы техникалық тексерістен өткізген абзал.

Еркін Отарғалымұлы, Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдай департаментінің басқарма бастығы:

- Көлік өртенген жағдайда бастапқы іс-шаралар кешенін айтқым келіп отыр. Өрт шыққан кезде, біріншіден, 101 телефонына хабарласу керек. Автокөліктерді міндетті түрде өрт сөндіргіштермен жабдықтау керек. Егер де көлік өртеніп жатқан жағдайда болса, міндетті түрде аккумуляторды мүмкіндігінше өшіріп тастау керек. Қысқа тұйықталудан болатын болса.