Ақмола облысының полицейлері қиын жағдайға тап болған шетелдіккке көмектесті

Ақмола облысының полицейлері қиын жағдайға тап болған шетелдіккке көмектесті

30 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолында Қырғызстан азаматы тізгіндеген көлік аударылып қалады.

Ол Қазақстан арқылы Ресейден өз еліне 28 бас ірі қара жеткізбек болған. Жүргізуші дін аман, бірақ үріккен мал жан-жаққа үдере қашқан. Дегенмен тәртіп сақшылары бетімен кеткен түлікті түгендеп берді. Ал жақын маңайдағы елді мекеннің тұрғындары шетелдікке уақытша тұрақ ұсынып, ас-суын қамдаған. Қазір ол діттеген жеріне аман есен жетті.