Павлодар облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті

Павлодар облысында жол апатынан төрт адам зардап шекті

Ақсу – Павлодар бағытындағы жолда көлік апатынан төрт адам зардап шекті.

Жол-көлік оқиғасы көпірдің артында болған, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.

«Сағат 10:33 шамасында екі көлік соқтығысып қалған. Жол апаты салдарынан төрт адам зардап шекті. Олардың біреуі 1975 жылғы әйел адам ауруханаға барудан бас тартты. Оған жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы диагнозы қойылды», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Дәл осындай белгілер анықталған 1992 жылғы ер адам Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ оның мұрны сынып, оң жақ аяғының буыны мен іші жарақаттанған. 

1952 жылғы әйел адамда жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы, маңдай тұсы мен оң жақ кеуде қуысы жарақаты тіркелді. Ал 1994 жылғы әйелде жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы анықталды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.