Алматыда қалың қардан 70 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Алматыда қалың қардан 70 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Бүгін Алматыға қалың қар жауды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түннен басталған ұлпа қардың қалыңдығы таңғы тоғызда 10 сантиметрге жеткен. Қалың қар жолдағы қозғалысты қиындатып, 70 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, көлік апатынан 6 адам зардап шекті. Полиция жаяу жүргіншілер мен жүргізушілерге мұқият болуды ескертеді. Қар әлі де тоқтаған жоқ. Қазір көшелер, жаяу жүргіншілер аймақтары, қоғамдық көлік аялдамалары, қардан тазартылып жатыр.