Павлодар облысында жасөспірімді ит қауып алды

Павлодар облысында жасөспірімді ит қауып алды

Павлодар облысында аяғын ит тістеп алған баланы ата-анасы ауруханаға жеткізді, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ақсу қаласында Калинин көшесінде жүрген ит 10 жасар баланың аяғын тістеп алған. Тәртіп сақшылары 58 жастағы ит иесін ҚР ӘҚБК 408-бабы бойынша жауапкершілікке тартты.

«Оның айтуынша, ол жеке үйден шыққан кезде аулада жүгіріп жүрген ит оның артынан секіріп, қашып кеткен», - деді ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов брифингте.

Полиция тұрғын үйлердің аулаларында, балалар алаңдарында, мектепке дейінгі мекемелердің жанында, мектеп аулаларында, емдеу-профилактикалық және медициналық мекемелердің аумақтарында, стадиондарда, саябақтарда, скверлерде иттер мен мысықтарды серуендетуге тыйым салынғанын еске салады.