Қостанайда жасырын жұмыс істеген казино әшкереленді

Қостанайда жасырын жұмыс істеген казино әшкереленді

Оның иесі спорт-барды ойынханаға айналдырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерден фишкалар, ойын столы мен карталар тәркіледі. Кәсіпкерге заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды.

Көркем Бектасова, Экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі:

- Бұл мекемеде арнайы ойын жабдықтарын қолдана отырып, құмар карта ойындары өткізілген. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.