Қарағанды облысында мерзімді қызметтегі 18 жастағы сарбаз қайтыс болды

Қарағанды облысында мерзімді қызметтегі 18 жастағы сарбаз қайтыс болды

Қарағанды облысында 65/05 әскери бөлімінде мерзімді қызметте жүрген 18 жастағы сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркістан облысынан шақырылған Рамазан Жақып менингиттің жедел түрінен ауруханада жан тапсырған. Жауынгер өзін әлсіз сезініп, дәрігерлерге қаралған соң ол дереу Абай қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Алайда оның жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылған. Өкінішке қарай дәрігерлер өміріне араша бола алмады. Сот-медициналық сараптамасы жасалып, әскери қызметшінің өліміне жедел менингиттің себеп болғаны анықталған. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар сарбаз қызмет еткен бөлімшеде эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп, карантин енгізілгені мәлім болды. Марқұммен байланыста болғандар Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығында тексерістен өтті. Өзге сарбаздардан індет анықталмаған.

Арман Сейітов, әскери бөлім командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

- Әскери бөлімнің карантинге жабылуына байланысты медицина қызметкерлері барлық әскериді тексерді. Олардың арасынан суық тигізген, кез келген респираторлық ауру белгілері барлары есепке алынды. Қазір 7 сарбаз ауруханада бақылауда. Барлығының да жағдайы қалыпты.