Байқоңырда жоғалған екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Байқоңырда жоғалған екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

Қызылорда облысында жоғалған екі баланың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал екіншісінен хабар жоқ.

Еске салсақ, кеше Байқоңырда сегіз жастағы екі мектеп оқушысы жоғалып кеткен болатын. Олар «Маяк» спорт кешенінен шығып, үйіне оралмаған. Қазақстандық кинолог, сүңгуірлермен қатар ресейлік құтқарушылар және жүздеген волонтер күні-түні іздеуді жалғастырып жатыр.

Руслан Қайрақбаев, облыс бойынша ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Тікұшақпен шолу барысында Сырдария өзенінің екі шақырымдық төменгі ағысынан бір баланың денесін таптық. Екінші баланы іздеуге үш жүзге жуық адам жұмылдырылған. Балалардың туыстарымен психолог мамандар айналысып жатыр.