Орал-Атырау тас жолында көлік апатынан бір адам қаза тапты

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының аумағында тағы жол апаты тіркелді.

Орал-Атырау тас жолының 295 шақырымында «Тойота» шағын автобусының жүргізушісі қарсы жолға шығып кетіп, «DAF» жүк көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан «Тойотаның» жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлікте болған жолаушы Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жағдайы ауыр. 

Оқиға орнына БҚО ТЖД Апаттар медицинасы орталығының аудандық қызметкерлері жедел жетті. Қазір жол апатының себебін анықталып жатыр.

Айта кету керек, бүгін күндіз дәл осы аудан аумағында «Лада» мен «Тойота» көліктерінің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан 6 адам көз жұмған болатын. 

Автор: Талғат Серікқалиұлы

Сондай-ақ...