Ақтауда жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтауда жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы 22 ақпанда сағат 21:10 шамасында 4 шағын ауданда болды, деп хабарлады lada.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Mitsubishi Montero көлігінің жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті.

«Зардап шеккен адам Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Көлік құралының жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Көлік айыппұл тұрағына қойылды», - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.