Екібастұзда белгісіз біреу ер адамды атып кетті

Екібастұзда белгісіз біреу куәгерлердің көзінше ер адамды атып кетті.

Қылмысты сыртқы бейнебақылау камералары жазып алды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін сағат 08:00 шамасында Екібастұз қаласының Сәтбаев көшесіндегі үйдің ауласында белгісіз біреу ер адамға белгісіз қарудан оқ атқан. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды

«Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты жасады деп күдіктелген адамды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, - деді баспасөз қызметінде.

Полиция бұл іс бойынша кез келген ақпараты бар азаматтардан 102 нөміріне хабарласуды сұрайды. Хабарлаған адамның аты-жөнін құпия сақтауға кепілдік беріледі.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай өзге ақпарат таратылмайды.