Павлодарда жүк көлігі әйел адамды қағып кетті

Бұл факті облыстық Полиция департаментінде тіркелді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ломов пен Ворушин көшелерінің қиылысында «ГАЗ-52» маркалы автомобильдің 62 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

– Әйел жолды бағдаршамның рұқсат беретін сигналына кесіп өтіп бара жатқан, – деп нақтылады ведомствода. – Аталған факті тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 43 жастағы адамды Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізген.

– Тексеру кезінде науқас жүк көлігінің дөңгелектерінің оң жағында жатты, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасында. – Көзге көрінетін зақым болған жоқ, бірақ ол аяғын сезбеді, жамбас сүйектерінің қатты ауырғаны байқалды.

Оның жағдайы тұрақтанғаннан кейін хирургиялық араласу жоспарлануда.