ШҚО-да жолда қалған 194 жолаушы құтқарылды

ШҚО-да жолда қалған 194 жолаушы құтқарылды

Шығыста апта бұрын басталған ақборан әлі басылған жоқ. Қазірдің өзінде аймақта  жекелеген бағыттарда 12 аумақ жабық.

Ал ауа райының қолайсыздығына қарамастан кешелі-бері жолға шығып кетіп, далада қалған 194 жолушы  құтқарылды. Ол үшін облыстық төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамынан 50 маман және 20 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 30-дан аса полиция бекеті қойылды. Ат құлағы көрінбейтін ақ боранда қалған адамдарды құтқаруға әскери бөлімдердің техникалары тартылды. Дәл осы уақытқа дейінгі мәлімет бойынша далада қалып, үсік шалған жолаушылар туралы ақпарат жоқ.