Атырау облысында 4 адам газдан уланып, қайтыс болды

Кеше шамамен кешкі алтыда Махамбет аудандық сөндіру бөліміне Полиция қызметінен Ақтоғай елді мекеніндегі бір үйден төрт адамның мүрдесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

1974 және 1991 жылы туған ер азаматтар және 1977 жылғы әйел мен 2016 жылы туған қыз баланың газға уланып, қайтыс болғандығы анықталды. Оқиға орнында аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен полиция қызметі тексеру-тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.