Ақтауда көлік жүргізуші қызды қағып кетті

Ақтауда көлік жүргізуші қызды қағып кетті

8 наурыз күні Ақтаудағы 17 шағын ауданда көлік қызды қағып кетті, деп хабарлады инАктау.

«Toyota Corolla» жүргізушісі сағат 22:15 шамасында жаяу жүргіншілерге арналған жолақ жоқ жерден өтіп бара жатқан қызды қағып кетті.

«Зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Жүргізушіге ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы бойынша бойынша әкімшілік хаттама жасалды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.