Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті
Павлодарда зейнеткерді көлік қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
«Сағат 18:00-де Естай – Ак.Марғұлан көшелерінің қиылысында «Chevrolet Lanos» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеріс жүргізіледі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 1945 жылы туған азаматша бас миының шайқалуы, сол жақ иығының көгеруімен №1 қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.