Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған адам табылды

Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған адам табылды

41 жастағы Ащысай ауылының тұрғыны екі күн бұрын мал іздеп шығып, үйіне оралмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның із-түзсіз кеткені туралы хабар облыстық төтенше жағдайлар департментінің кезекші бөліміне бүгін ғана түскен.

Шұғыл іздестіру жұмыстарының нәтижесінде құтқарушылар ер адамды жоғалған орнынан 2 шақырым жердегі Көккөз ауылы маңынан тапты. Ол тереңдігі 3 метр құдыққа түсіп кетіп, өздігінен шыға алмаған. Қазір жағдайы жақсы. Медициналық көмектен бас тартты.