Мопед айдаған курьер сәби жатқан арбаны қағып, қашып кетті

Мопед айдаған курьер сәби жатқан арбаны қағып, қашып кетті

Алматыда мопед мінген курьер кішкентай бала жатқан арбаны қағып, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәлеметінше, 16 наурыз күні түскі сағат 13:20-да мопед жүргізушісі Төле би көшесімен шығыс бағытта келе жатып, Брусиловский көшесінде ішінде үш айлық бала жатқан арбаға соғылған.

«Салдарынан бала зардап шеккен. Ол балалар ауруханасына жеткізілді. Мопед жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Бүгінде оны іздеумен іздестіру бөлімінің қызметкері айналысып жатыр. Жол-көлік оқиғасы Алмалы аудандық полиция басқармасында тергеліп жатыр», - деді Алматы қаласы ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.