Республика 2050. Бірлігі жарасқан орта

df.sko.gov.kz

Бұл тау халықтарына тиесілі би - лезгинка. Жаттығып жатқандар балқар, ингуш пен шешен ұлтының өкілдері.

Олардың басын қосып бишілер тобын құруға ұйытқы болған жетекшілері Руслан Шаяхметов. Ұлты балқар. Оның елімізде тұрып жатқанына 15 жылға жуықтады. Асқақ арманы Астанада орындалды. Қазір лезгинкаға тек тау халықтары емес, басқа ұлт өкілдері де қызығушылық танытып отыр. Сондықтан Руслан ұлттар арасындағы достықты осы би арқылы нығайтпақ ниетте.