Елордада карантинге бағынбаған тойшыл тұрғындарға айыппұл салынды

Елордада карантинге бағынбаған тойшыл тұрғындарға айыппұл салынды

Елордада 70 адамның қатысуымен Тұсаукесер рәсімі өткен. Карантин ережесіне сай келмейтін деректі мобильді топ анықтады.

Қалада жүргізілген кең ауқымды рейд барысында бірнеше мейрамхана тексерілді. Бірінде қазақы салт-дәстүр бойынша той өткізіліп, жүзге жуық мейман шақырылған. Яғни карантин талаптары орындалмаған. Арақашықтық сақталмай, келушілердің денсаулығына зор қауіп төнді. Тағы бір мейрамханада 100 адамның қатысуымен көңіл көтеру кеші ұйымдастырылды. Мамандар бұл дерек бойынша да шара қолданып, той иелері мен кәсіпкерлерді қатаң жауапкершілікке тартты. Жыл басынан бері мұндай 500-ден аса дерек тіркелді.