Оралда кәсіпкерді 50 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды

Оралда кәсіпкерді 50 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ ұсталды
фото: polisia.kz

Оралда кәсіпкер сауда нысанын сатамын деп сан соғып қалды.

Сауда-саттыққа көмектесуге ниет білдірген танысы оны тақырға отырғызып кетті. Өзара келісім негізінде алаяқ іскер жаннан алдын ала 50 млн теңге алған. Қаражатты қолды қылған соң түрлі сылтау айтып, міндетін орындамай қойған. Келіп түскен шағым бойынша тәртіп сақшылары күдіктіні қамауға алды.

«Бұл азаматтың өзге де алаяқтық қылмысқа қатысы әбден болуы мүмкін. Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген БҚО ПД баспасөз қызметінің ресми хабарламасында