Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты: зардап шеккендер бар

Алматыда жүк көлігі мен автобус соқтығысты, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Серіков пен Қазыбаев көшелерінің қиылысында 23 сәуір күні сағат 11-лер шамасында болған.

«Mercedes benz» жүк көлігінің жүргізушісі Қазыбаев көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатып, Серіков көшесінің қиылысында «Saz» маркалы автобуспен соқтығысқан. Апат салдарынан автобустың жүргізушісі мен жолаушылары жарақат алды. Бір адам ауруханаға жатқызылды. Басқа зардап шеккендерге сол жерде медициналық көмек көрсетілді», - деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Бұл деректі Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.