Атырау облысында 19 тоннаға жуық балық тәркіленді

Атырау облысында 19 тоннаға жуық балық тәркіленді

«Бекіре-2021» акциясы басталған 3 аптада браконьерлерден 19 тоннаға жуық балық тәркіленді.

Жайық-Каспий су айдыны аумағындағы 3 облыста 571 заң бұзушылық анықталды. Басым бөлігі Атырау облысында тіркелді. Маңғыстау өңірінде - 98, Батыс Қазақстан облысында 33 жағдай анықталды. 26 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, заңды белшесінен басқандарға 7 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

Рүстем Қорқытов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы:

- Заңсыз айналымнан алынған 19 тоннаға жуық балықтың бір жарымы бекіре тұқымдас балық. Сондай-ақ акция кезінде 1200-ге жуық ау құралы мен 54 жүзу және көлік құралы тәркіленді. «Бекіре-2021» акциясы мамыр айының соңына дейін жалғасады.