Оралда ата-аналардың төбелесі видеоға түсіп қалған

Оралда ата-аналардың төбелесі видеоға түсіп қалған
Оралда ойын балаларының ерегесі ересектердің топтасып төбелесуімен тынды. Оқыс оқиға қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Басында өзара сөзге келіп, балаларға кейін ата-аналары араласады. Бір-біріне жұдырық ала жүгіргендерді ақыры полиция сабасына түсірді. Арасында жеңіл жарақат алғандары да бар. Көршілердің төбелесі қазір әлеуметтік желіні шарлап жүр. Ал сотқар ата-аналарға қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.