Қызылорда облысында 8 жастағы бала өткелден құлап кетті

Қызылорда облысында 8 жастағы бала өткелден құлап кетті

Қызылорда облысында 8 жастағы бала суға кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кешқұрым күріш алқабын суаратын магистральді канал үстіндегі көпірден өтіп бара жатып абайсызда құлап кеткен. Жанында анасы болған. Бірақ ештеңе істей алмаған. Қараңғы түсіп кеткендіктен құтқарушылар да көмек бере алмады. Жергілікті жұрт «Сталинск» деп атап кеткен осы каналға 2 күн бұрын 4-сынып оқушысы батып кеткен еді. Жалпы, жыл басынан бері облыс бойынша 13 адам суға кетсе, соның 8-і бала.

Нұрсұлтан Ибрагимов, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ басшысы:

– 67 жеке құрам, 7 бірлік техника, 3 моторлы қайық, 3 сүңгуір және 2 кинологиялық топ жұмылдырылып іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Судың жылдамдығы үлкен деңгейде болып отыр, соған байланысты күрішке дейін баратын барлық суармалы каналдарда іздестіру жүргіземіз.