ШҚО-да зейнеткерге «сиқыр» көрсеткен алаяқ қыз ұсталды

ШҚО-да зейнеткерге «сиқыр» көрсеткен алаяқ қыз ұсталды

ШҚО-да қарт ана 20 мың теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шемонаиха ауданының ПБ кезекші бөліміне 69 жастағы қала тұрғыны 2021 жылдың 20 сәуірінде белгісіз қыз алдау жолымен оның ақшалай қаражатын иемденгені туралы айтып жүгінді. Зейнеткер әдеттегідей банкоматқа ақша шеуге келген, алайда көзілдірігін үйде қалдырып кеткенін білгенін ол сол жердегі банкоматтың жанында тұрған бейтаныс қыздан көмек сұраған.

Артық ойы жоқ әйел өз қартасының пин-кодын бейтаныс қызға айтып, 40 мың теңге шешіп беруін өтінген, одан әрі 20 мың теңгені зейнеткердің қолына ұстатқан, қалған 20 мыңның қайда екенін сұрағанда, банкоматта қаражат таусылып қалған болар деген, алайда жетпей тұрған соманы жылпос қыз қалтасына басқаны анықталды. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық іс-әрекеттер жасады деген күдікпен Шемонаиха қаласының 17 жастағы тұрғыны әшкереленді, ол тергеу барысында кінәсін мойындады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.