Ақтөбеде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Ақтөбеде жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Литер

Ақтөбеде Lada Xray жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 маусым күні сағат 23:40-та Lada Xray автокөлігінің 56 жастағы жүргізушісі Тургенев көшесімен жанармай бекеттерінің біріне қарама-қарсы жүріп, ҚР ЖҚЕ бұзып, 57 жастағы әйелді қағып кетті. Ол жолдың жүріс бөлігін оңнан солға, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпесімен, көлік құралдарының қозғалысы бойынша кесіп өткен.

ЖКО нәтижесінде жаяу жүргінші Ақтөбе қаласының ЖМЖА жатқызылды.