Елімізде өткен 4 күнде 54 адам суға кетті

Елімізде өткен 4 күнде 54 адам суға кетті

Мереке күндері елімізде 54 адам суға кетіп, көз жұмды.

Бұл соңғы 4 күндегі жағдай. Қайтыс болғандар арасында 17 бала бар. Мамандар қайғылы оқиғалардың көбі Алматы, Ақмола, Қарағанды және Батыс Қазақстан облысында болғанын айтады.

Құтқарушылар шомылу кезінде мас болу, тыйым салынған аумақтарға түсу, балаларды қараусыз қалдыру соңы қайғылы жағдаймен аяқталатынын ескертеді.

Қазақстанда бірінші маусымнан бастап, 149 адам суға кетіп, қайтыс болған. Оның 52-сі бала.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.