Ақмола облысындағы Изобильное ауылында қатты дауыл соғып, үйлердің шатыры ұшты

Ақмола облысындағы Изобильное ауылында қатты дауыл соғып, үйлердің шатыры ұшты

Ақмола облысы Степногорск қаласына қарасты Изобильное ауылында қатты дауыл соғып, үйлердің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желдің екпінінен электр бағаналары мен ағаштар құлады. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, секундына 25-30 метр жылдамдықпен соққан жел 30 шақты үй мен жылу қазандығының шатырын ұшырып, 17 электр бағанасын  құлатқан. Салдарынан 147 абонент жарықсыз қалды. Бестөбе кентінде де бірнеше үйдің шатырын зақымдапты.

Қанат Доспаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Қазір оқиға орнында апаттық қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Электр бағаналарын жауапты мекеме жөндеуде. Ал, табиғат апатынан келген шығынды анықтап, салдарын жою үшін үшін Степногорск қаласының әкімдігінде арнайы комиссия құрылды.