Алматы маңынан 50-ге жуық мысық өлімші күйде табылды

Алматы қаласының маңынан 50-ге жуық мысық өлімші күйде табылды. Көбінің инфекциялық ауруы бар екені анықталды.

Түн ортасында даладан оларды волонтерлер тауып алған. Бұлардан басқа да зардап шеккен ит-мысықтар болуы мүмкін дейді белсенділер. Сондай-ақ «күтіп баптауға шығындалғысы келмеген жандар оларды тастап кеткен болу керек» деп топшылайды. Енді зардап шеккен мысықтар 1 ай бойы карантинде болады.