Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды

Қырғызстанда жоғалған қазақстандық қыз өлі табылды

15 шілдеде Ыстықкөлде жоғалып кеткен 29 жастағы қазақстандықтың мәйіті жексенбі, 1 тамызда Қаракөл шатқалынан табылды, деп хабарлайды Хабар 24 tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Кактус медиада» ТЖМ қызметкерлерінің қазақстандықтың мәйітін судан алып шыққандығы хабарланды.

Құтқару қызметінің өкілдері іздестіру жұмысын жүргізіп жүрген видео kaktus__media Instagram парақшасында жарияланды. 

 

Еске салайық, 15 шілдеде қазақстандық қыз отбасымен бірге Қаракөл-Алакөл жайылымына келген. Бір уақытта ата-анасы отын алып келуге кетеді. Ал қыздары қалған. Сол күннен бері оны ешкім көрмеген. 

16 шілдеден бастап Ақсу ауданы мен Қаракөлде 17 құтқарушы іздеу жұмыстарына шықты. Артынша қосымша күш жіберілген, алайда нәтиже болмады.  

ТЖМ мәліметінше, олар Қырғызстанға Ресейден келген, үш адам – Ресей азаматы, екеуі – қазақстандық.