Маңғыстауда жүріп келе жатқан жүк көлігінің екі дөңгелегі ұшып кетті

Маңғыстауда жүріп келе жатқан жүк көлігінің екі дөңгелегі ұшып кетті
inaktau.kz

Маңғыстауда жүріп келе жатқан жүк көлігінің екі дөңгелегі ұшып кетті.

Ол сәт видеокамераға түсіп қалған. Оқиға 4 тамызда түстен кейін болған, деп хабарлады inaktau.kz.

Бір дөңгелегі қарсы жолақта келе жатқан «MAN» жүк көлігінің бамперіне соғылды. Екіншісі жолдың шетіне ұшып кетті.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы туралы полицияға хабарланбағанын айтты. Зардап шеккен көлік иесінен шағым түспеген.