Теміртауда 27 жастағы тұрғынға оқ атқан күдікті ұсталды

Polisia.kz

Теміртау қаласындағы тұрғын үй аулаларының бірінде түн жарымында жанжал шығып, белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде 27 жастағы азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Болған жағдайдың барлығын сол маңда тұратын жұрт терезеден бақылап, телефонға түсірген. Сөйтіп, полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, 4 күдіктіні қамауға алды. Олар кінәларын толық мойындап отыр. 30 жастағы тұрғын жәбірленушімен сөзге келісіп қалғанын айтады.

Бақытжан Құдияров, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

– Травматикалық қарумен оқ атқанын мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерімен анықталған басқа да оқиғаға қатысушыларды ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.