БҚО-дағы Ақсуат ауылында 64 тонна шөп жанып кетті

БҚО-дағы Ақсуат ауылында 64 тонна шөп жанып кетті
фото: egemen.kz

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсуат ауылында 9 ауладан өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан қора-қопсы мен 64 тонна шөп жанып кетті. Дес бермеген қызыл жалын тек 8 сағаттан соң сөндірілген. Әйтеуір ешкім зардап шеккен жоқ. Сонымен қатар Орал қаласының іргесінде 120 гектар алқап отқа оранды. Төтенше жағдайлар департаментінен арнайы штаб құрылып, өртті сөндіруге 104 адам мен 15 техника жұмылдырылды. Бұған қоса, орман шаруашылығы мекемесі мен ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан қосымша күш тартылған. Күні бойы үздіксіз жедел әрекет натижесінде қызыл жалын толық өшірілді. Қазір оқыс оқиғалардың шығу себебі анықталып жатыр.