Тараздағы жарылыс: тағы бір адамның денесі табылды

Жамбыл облысында жарылыс болған орыннан тағы бір адамның денесі табылды.

Марқұмды Қорғаныс министрлігінің саперлері өртенген қойманың аумағынан тапқан. Бірақ нақты кім екені белгісіз. Жеке бас мәліметтері анықталуда.

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он бес адам болды. Олардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Енді жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Соңғы дерек бойынша, сол жарылыстардың салдарынан қаза тапқан әскерилер мен құтқарушылар саны 14 адамға жетті.

Әскери қойма жарылысында қаза тапқан азаматтар мемлекеттік наградамен марапатталды.

Ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді.