Қостанай облысында аю 5 жасар қызды талады

Қостанай облысында бес жасар қыз баланы аю талады. Оқиға облыс орталығынан отыз шақырым жерде орналасқан демалыс базасында болған.

Анасы мен қызы тордағы аюды қызықтап, оған тамақ береді. Жыртқыш әуелгіде момақан қалып танытып, бөтен мінез байқатпайды. Көп ұзамай қыз бала торға жалғыз жақындайды. Сол кезде қамаудағы аю оның аяғынан шап беріп, тісін батырған. Бүлдіршіннің жылаған дауысын естіген ересектер бірден көмекке ұмтылған. Осы оқиға бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Бұл бапқа сәйкес, кінәлі азаматқа 80 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған. Қазір дәрігерлер аю талаған қыз баланың жағдайы ауыр деп отыр.

Ксения Жылқыбаева, облыстық аурухананың баспасөз хатшысы:

- Бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Аяғын сақтап қалу үшін операция жасалды. Бірақ жарақаты өте ауыр болғандықтан аяғын сақтап қалуға мүмкіндік бар деп нақты айта алмаймыз.