Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға бағыт алған ұшақ Атырау облысында шұғыл қонды

Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға бағыт алған ұшақ Атырау облысында шұғыл қонды
фото: © elements.envato.com

Атырау облысында Нұр-Сұлтан қаласынан Ыстамбұлға бағыт алған Boeing 767 ұшағы діттеген жеріне жете алмай шұғыл қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға кеше кешкі тоғыздар шамасында болған. Алдын ала ақпарат бойынша апатты жағдайға жанармай жүйесіндегі ақау себеп болуы мүмкін. Бортта барлығы 205 жолаушы болған. Оның бесеуі бала. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекен жоқ.