Оралда екі үйдегі өрттен 17 адам эвакуацияланды

Оралда екі үйдегі өрттен 17 адам эвакуацияланды

Оралда екі көп қабатты үйде өрт болып, 17 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 2 қазан күні болды. Сағат 16:02-де Гагарин көшесі 105/2 мекен-жайында орналасқан төрт қабатты үйден өрт шыққаны жөнінде хабар түскен. Тұрғын үйдің 26-пәтерінде асүйде жиһаз бен жеке заттар отқа оранды. Оқиға орнынан 9 адам шығарылды, оның төртеуі балалар. Аталған пәтер иесі - әйел адам құтқарылды. Өрт департамент күшімен (7 қызметкер, 2 техника) 16:25-те сөндірілді.

Сонымен қатар кеше сағат 22.12-де Зачаган кенті Жәңгір хан көшесі, 43 мекен-жайында 9 қабатты жатақханадан өрт шықты. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жатақханасының екінші қабатындағы 215-бөлмеде жеке заттар жанды. Оқиға орнынан 8 студент эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жау» сағат 22.57-де ауыздықталды. Өртті сөндіруге 9 қызметкер 3 техникамен жұмылдырылды.

Қазіргі кезде өрт оқиғаларының шығу себебі, келтірілген шығын анықталып жатыр.