Республика 2050. «Колхети» грузин мәдени-қоғамдық орталығы

inter-travel.ge

Бұл шынымен тарихи сәт. Елімізде тұратын барлық ұлттардың басын біріктіріп, салт-дәстүрлерін білуге мүмкіндік беретін бірегей институт болып қалыптасқан Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл.

Осыған орай жыл бойы еліміздің барлық өңірлерінде түрлі мәдени шаралар өткізіледі. Түрлі ұлт өкілдерінің билері ұсынылып, әндері шырқалады. Осындай мәдени шараларға белсене ат салысқандардың қатарында грузиндер де бар. Олардың қоғамдық мәдени орталықтары «Колхети» деп аталады. 2010 жылы ресми түрде негізі қаланған.